Dónggelek ýstelde jasalghan doklad

(Депутату парламента РК З.Кадыровой ) 

Кадiрлi Зауре Жусуповна!

Высылаю Вам свой доклад, который прочитал на круглом столе «Компьютеризация государственного языка», прошедший в МКИОС.

Круглый стол еще убедительнее показал тот беспорядок, который творится в простых текстовых документах, а о Казахском Интернете можно сказать не было и речи.

Ответ премьер-министра РК И. Тасмагамбетова на Ваш депутатский запрос еще раз показал тех исполнителей письма на изнанку, что этот подлый ответ может быть написан не компетентными людьми,  либо из корыстных целей.

Вместе с докладом я высылаю Вам подписи директоров фирм “Izet” и “Sanasoft”, где они поддерживают использование латиницы в информационных технологиях, не говоря уже другие аспекты. Ведь именно на эти фирмы есть положительная ссылка в ответе премьер-министра.

В ближайшее время я раскрою все некоторые секреты проекта   «ABCnet».  Мне нужно лишь зайти, поговорить и убедить нашего президента в осуществлении проекта   «ABCnet»     в информационных технологиях.

 

 Курметпен сiзге          

Аймаганов Жанат Насырұлы.

19.05.03 г.

 Қадiрлi мырзалар мен ханымдар!

Қазақ тiлi мемлекеттiк мәртебе алғалы он төрт жыл өттi. Ең алдында үмiтiмiз зор едi. Тәуелдi ел болдық, бәрi өзiмiздiң қолымызда деп жүргенде, сенiмiмiз ақталмады. Бүгiн мемлекеттiк тiлдiң  жағдайын тым ауыр деп бағалауға болады. Аңқау халыққа арамза да молла деп бекер айтпаған. Компутердiң мониторына қазақ әрiптерi шыққанына мәз болып жүргенде, ең қолайлы iстердi байқамадық. Уақыт – ағын. Бүгiн компутерлер жеке өзi жай ғана темiр. Оның ең негiзгiсi – iшiндегi ақпарат, хабар, құжаттар болып отыр. Ақпарат пен құжаттардың  бiр-бiрiмен алмасу үшiн компутерлiк  желiлер пайда болды. Бүгiнгi күнi сол желiлердiң ең бастысы Интернет желiсi бүкiл әлемге жедел жайылып барады.

Қазы-қарта жейтiн қазақ соғым соярдың алдында жылқыға кұрық лақтырып, жылқының басын өзiне қаратып алады. Әйтпесе, жылқының тепкiнiнде қалады. Тап осылай бiз де компутердi мемлекеттiк тiлге бағындыруымыз қажет. Сондықтан мен бүгiнгi ұйымдастырылған дөңгелек үстелдi өте дәл уақытында, нағыз қажет кезде ұйымдастырылған деп, ұйымдастырушыларға  алғысымды айтып, өзiмнiң ой-пiкiрлерiмдi айтқым келедi.  Ең бiрiншi айтайын дегенiм – мемлекеттiк тiлдi қорғап қалғымыз келсе, компутердi қазақшаландыруымыз қажет. Бiрақ компутер Интернетке бағынатындықтан, ендiгi мақсат интернеттi жедел түрде қазақшаландыру. Осы үшiн мемлекет тарапынан мынадай iс-шаралар жүргiзiлуi тиiс:

  1. Бүкiл мемлекеттiк мекемелер (министiрлiктер, комитеттер, әкiмшiлiктер т.с.с.) сайттарының негiзгi парақтары мемелекеттiк тiлде жазылуы тиiс. Ал сiлтемелерi – орысша және ағылшынша. Қазiр өздерiңiзге белгiлi, мекемелердiң сайттарын ашсаңыз, ақпарат орыс тiлiнде берiлген, сiлтемелерi қазақша. Сiлтеменi ашсаңыз, небары алты-жетi сөйлемнен тұратын ақпаратпен танысасыз. өйтпесе ол да жоқ, сiлтемесi де орыс тiлiнде. Ендiгi жерде керiсiнше болу керек. Және ақпараттың пайыз көрсеткiшi 60% мемлекеттiк тiлде болуы қажет.
  2. Сайттың аттары мемелекеттiк тiлде аталуы тиiс. Ìысалы:

Iшкi iстер министiрлгi                   – www.iim.kz

Сыртқы iстер министiрлiгi             – www.sim.kz

Бiлiм және ғылым министiрлiгi     – www.bxm.kz

Әлеуметтiк қорғау министiрлiгi    – www.a2qm.kz

Әдiлет министiрлiгi                         – www.a2m.kz

Сауда және өндiрiс министiрлiгi – www.so2m.kz   Осы атаулардың несi орысшадан кем!!! Оның есесiне адамдар министiрлiктердi қазақша айтуға жаттығады.

  1. Ең негiзгi бағдарламалар 1С бухгалтерия, 1С предприятие, банкiдегi зейнет қорларындағы бағдарламалар, сол сияқты кеден комитеттерiнде, темiр жол саласында тағы басқа мекемелерде екi тiлде жазылып, жұмыс тiлi мемлекеттiк тiл болуы тиiс. Себебi, осы бағдарламаларда мемлекеттiк тiлде деректер банкiсi  құрыла бастайды. Бұл ең бiр ескеретiн жағдай.
  2. Шетелден келетiн қондырғылардың операторлық бағдарламалары мемлекеттiк тiлде жұмыс iстеуi қажет.
  3. Мемлекеттiк тiлде компутермен жұмысты жеңiлдету үшiн орфографияны тексеретiн бағдарламаларды шығаруымыз қажет. Қазақша, ағылшынша интернетте жұмыс iстейтiн аударламалар қажет. Егер қолымыздан келсе, келешекте балаларға компутерлiк ойындарды қазақшаландыруымыз керек.

Осы айтылған мәселелердi шешудiң басты жолы- латын әлiппесiне көшу деп бiлемiн. Латын әлiппесiне көшу туралы мен бiрнеше жыл қатарынан дабыл қағып жүрмiн, әзiрге ден қояр өкiмет жоқ, дегенмен менiң ұсынысымсыз мемлекеттiк тiлдi сақтап қалу мүмкiн еместiгiн бiлгендiктен уақыт та маған келер деген сенiммен күдерiмдi үзбей келемiн. Тек менi алаңдататын бiр жағдай, тым кеш бастап, көш соңында қаламыз ба? Уақыт та ақша екенiн ұмытпағанымыз жөн бе деймiн!

Қадiрлi мырзалар менi тыңдағандарыңызға рақмет. Ал ендi сiздердiң қосымша ұсыныстарыңызды тыңдауға әзiрмiн.

ҚР Қорғаныс Министрлiгi Әскери Академияның Жаңа технологияларды зерттеу бөлiмiнiң ғылыми  қызметкерi

 Аймаганов Жанат Насырұлы.

                            2003жыл. 15мамыр.

доклад

Leave a Reply

Your email address will not be published.