Тағыда сол Internet, мұның несi керемет?

Тағыда сол Internet, мұның несi керемет?Қозғалған ой,  одан әрi дамымаса, тез тозады, ал егер оған мән бермесе, ол жойылады. Сол сияқты, мүмкiн Internet не екенiн  көпшiлiк түсiнбеген соң,  оған қажетiнше назар аударып жатқандардың саны да тапшылық болар. Ендеше, арнайы Internet не екендiгiн түсiндiрiп көрейiк. Internet дегенiмiз ол желi, ағылшын тiлiнде- net, орысша- сети, бiрақ желiлер де көп қой, сондықтан барлығын Internet деп айтуға бола ма екен? Әңгiменi осыдан бастайық, мысал ретiнде Боинг фирмасын алайық. Боинг- үлкен фирма,бүкiл әлемге аты таныс,  компутерлерiнiң де саны көп. Фирманың өз желiсi бар дейiк, сонда фирманың компутерлерi  бiр- бiрiмен байланыс орнатып жұмыс iстей бередi. Дәл осы уақытта сiз компутерде жұмыс iстеп отырсаңыз, сiздiң еңбегiңiз, дәлiрек айтқанда, басып жатқан ақпаратыңыз аутоматтық түрде, желi арқылы басқа компутердiң деректер банкiсiнде сақталып жатады, ал оны сiз тiптi сезбейсiзде. Мұндай бағдарламалар банктерде, зейнет ақы қорларында, темiржол, әуежол кассаларында т.с.с. қолданылады. Бұл бағдарламалар тек өзiне сай файлдарының форматында жұмыс iстейдi.

Ал Internet дегенiмiз осы файлдарды қашықтан оқу, бiр- бiрiмен

осындай файлдармен алмасу, олармен жұмыс iстеу. Барлығымызға мәлiм, компутерде ашылмайтын файлдар да кездеседi. Бұл жағдаймен сiз өзiңiздiң күнде қолданып жүрген компутерiңiзден таныссыз.

Ал ендi ойланып көрейiк, ашылмайтын файлдарды үйде отырып- ақ  ашып, iшiндегi ақпаратпен танысқыңыз келдi делiк, бұл әрине қиынға түседi. Internet болмаса, мүмкiн де емес. Internet-бүкiл әлемдiк тор және ол барлық желiлерiмен тiл табысып жұмыс iстей алғандықтан, оның браузерi-шолушы (Internet Explorer) компутерлердiң жүйесiне жедел түрде тарап, қажеттi ақпаратты қабылдауға, iздеп табуға, керек болған жағдайда басқа бiреудiң файылын да ашып, көруге  мүмкiндiк бередi. Internet-ғылыми түрде не компутер тiлiнде айтқанда –   www (wold wide web).  Одан да күрделiрек айтсақ, оның протоколы TCP/IP (tranmission control protocol/Internet protocol)- алмасу протоколымен басқару/желiаралы протоколы.  Әр уақыттың өз сұранысы болады. Бастапқы кезде, Internet  компутерлердiң байланысында тек текстiк мәлiмет  алмасу ретiнде қолданылып келдi. (қазақтар   компутерде қазақ әрiптерiнiң  мониторға шыққанына мәз болып, Internetтiң қазақ тiлiнде сөйлемейтiнiн әрi жақын аралықта сөйлей қоймайтынын  ескеретiн де емес, яғни Internetтiң ғажайып  мүмкiндiктерi қазақтар үшiн аспандағы айдай десек те болады). Бүгiнгi күннiң жетiстiктерi электронды стенографистердi тудырып отыр- бiр қаладан екiншi қалаға  компутердiң микрофоны арқылы ақпаратты хабарлай аласыз- электронды стенографист ақпаратты қабылдап, өзi өз компутерiне терiп алады, әрине бұл жерде сiз орысша сөйлеуiңiз қажет. Қазақстан Сарбазы газетiнде электронды пошта болмағандықтан, мақаламды факспен жiберуге тура келдi, ал редакция  бұл мақаланы газет бетiне шығару үшiн, қайтадан компутермен теруi қажет. Ал егер тап менiң қолданып отырған шрифтiм олардың компутерiнде болса, әрi тап менiкiндей драйверлермен қолданса, электронды поштаны қолдануға болар едi, бiрақ бұл жұмыстан туындайтын қиындықтардың көптiгi жолымды бөгедi.  Бүгiн файлдардiң жаңа форматтары пайда болып жатыр аудио, видео, графика, ал осылардын өздерi- ақ түр түрiне бөлiнедi. Осылардың бәрiн ескерiп осы файлдар Internet те сырттан тыс қалып қоймасын деген браузер, ол Internet Explorer оның қатарында басеке болып Netscape Navigater бiр қатарда жүр, бiрақ бұл браузер Қазақстанда аз қолданады себебi Билл Гейтс  өзiнiң Microsoft фирмасының Internet Explorer браузерiн Windows операциялық жүйесiне кiргiзiп бiрге сататын болған.  Ал Қазақстанда кез келген компутер Windows те жұмыс iстеген соң, бiз Internet Explorer браузермен қолданамыз. Осы жөнiнде Америкада үлкен сот процесiде болды. Бүгiн Internet  Қазақстанды жайлап жатыр, бұл мақалада Internet не екенiн бiреу түсiнер бiреуi түсiнбес, бұған өкiнудiң қажетi жоқ, себебi компутер бiзге қара жәшiк болса, тап Internet  те солай. Internet тi егер басқаша түрде түсiнгiңiз келсе, ол жоғары технологиялардың стандарты деп түсiнуге болады. қарапайым қолданушының   ең басты мақсаты-  Internet пен қолдану және оның пайдасын табу.

Ал пайдасы шексiз екендiгiне, әлемнiң тәжiрибесi жеткiлiктi.

Ең бiрiншi пайдасы- ол электронды пошта, осыны Қазақстан Сарбазы жедел түрде шешiп, басқаларына үлгi болады деп   ойлаймын. Оған не қажет екендiгi, 4-қаңтар айында шыққан “Штирлиц және Internet-екеуi де керемет ” мақаламда айтылды. Сөзiмнiң өтiрiгi шықпас үшiн,(жылдың басы болғандықтан, қаражаттың кеш жүретiндiгiнен)  бiздiң академияның сайты жақын арада ашылатынына уәдемiздi беремiз. Ал бүгiн бiздiң Академиямыз Internetке  қосылды, электронды жәшiк ашылды aymaganov@hotmail.com  ендi қарым-қатынасты Internet арқылы жүргiзуге болады. Бұған Академияның бастығы полковник Е.Уразов мырзамыз, және ғылыми-Зерттеу бөлiмiнiң бастығы

п/п-к С.Искаков мырза басты назар аударуда. Алдымызда ендi компутерлiк кластарды Internet ке қосып, Академиямыздың сайтын құрастырған соң, қосымша ақылы электронды жәшiгiмiздi ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Келесi мақалаларымда компутер және Internetтегi ақылы жұмыстары мен сiлтемелер туралы әңгiмемiздi жалғастырармыз.

 

12.02.03 ж. Әскери Академияның, жаңа технологияларды зерттеу бөлiмiнiң ғылым қызметкерi.

Аймаганов Жанат Нсырұлы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *