Өмiрiмiзде үйренiп қалған сiлтеме, керемет қызметi Internetте.

 

Мақаламды бастамас бұрын,  алдымыздағы нөмiрде жазылған мақалаға тоқталып, ойымды жалғастырайын.

Ақылы электронды жәшiктiң  жай,  яғни тегiн электронды жәшiктен айырмашылығы, онда сiз жарнамалардан құтыласыз және сiздiң жәшiгiңiзге түскен мәлiметке сервердiң әкiмшiлiгi жауап бередi. Ақылы деген сөздi, бұлай да түсiнуге болады, бүгiн Internetте қаражат та алмасып жатыр.

Бүгiнгi күнi  спутниктiк теледидар не екенi ешкiмге жаңалық емес, бiрақ ол қалай ақылы екендiгi түсiнiксiз болар, бұл мәселе  Internet арқылы  шешiлiп отыр,  егер сiзде электрондық Vısa, Master card т.с.с. карточкаларыңыз  болса, сiз үйде отырып- ақ осы теледидардан спутник арқылы келген хабарларыңызға ақы төлеп, неше тұрлi шетел программаларын көресiз, тiптi заттарды да Internet арқылы сатып ала аласыз. Әрине бизнестiң бұл түрi көпшiлiкке әлi де болса, жабық сандықтай болғандықтан,  қауiп те жоқ емес, егер бiреу сiздiң карточкаңыздың номерiн бiлiп,  қосымша кiретiн кодыңызды бiлсе, сiздiң карточкаңыздағы қаражатпен пайдалануы мүмкiн. Сондықтан бiз қаупсiздiк жағын да ойластыруымыз керек. Internet тым керемет екен деп, кейбiр жағдайларды ескермеуiмiз мүмкiн. Бiз қарулы күштер болған соң, құпия  қатар жүредi, желi деген не екенiне тоқталып өткенбiз, бiз әрқашан әр желiнiң көлемiн  оның қарым- қатынасына қарай өсiрудi және қандай компутерлерiмiздiң  қосылуын ескеруiмiз қажет, себебi ақпарат ұрлау бiр жағынан,  ал   вирус дәмiн татқандар баршылық. Вирус та бекер пайда болған жоқ, себебi бүгiн не көп, ұрлық көп және бүгiн бiрiншi қатарда ол зерделiк ұрлық, бiз әлi лицензиясыз кез келген бағдарламалармен жұмыс iстеп жатырмыз, әсiресе Қазақстанда бұндай ұрлық жайылып барады, өйткенi бiзде бұл жөнiнде ңақты заңдар қабылданбаған. Көршi Қытай мемлекетiнде компутерлiк юристердi дайындап жатқаны не заман? Зерделiк ұрлықты дәлелдеу өте қиын, оның үстiне бұл  бiздiң мемлекетiмiздiң  қаупсiздiк жағына да әсерiн тигiзiп отыр, себебi бiз тегiн түскен орысшыланған компутерлiк бағдарламаларға мәз болып жүрмiз, ал бұл аспаптарға үйренiп алған соң, мемлекеттiк тiлге мән беруге не уақытымыз не назарымыз жетпейдi, ал мемлекет болған соң, бұл мәселенi ескергенiмiз жөн. Осы мәселенi мен 1988 жылдан берi көтерiп келе жатырмын, мұның дәлелi Internet те  www.abcnet.kz  танысуыңызға болады. Осының барлығын қопарып жатқаным, Алла жазша бiздiң Академиямыздың сайтын жазсақ, тiл заңына сәйкес, негiзгi парағы қазақша болуы тиiс, ал сiлтемелерi ағылшынша бола ма әлде орысша бола ма, ол бiзге байланысты.  Қорғаныс министiрлiгiмiзде мемлекеттiк тiлдi  алға қою, ол қауiпсiздiктiң өзi. Бiрақ басқа тiлдердi бiлу ол да қажет, мысалы  түркi армиясында майор атағын, ағылшын тiлiн меңгергендерге ғана бередi екен. Өзiндi сыйласаң, өзге сенi сыйлайды, НАТО-ның сайты орыс тiлiн қоя тұра, эстон тiлiнде де сiлтемесi бар, ал мемлекетiнiң сайттары бәрi эстон тiлiнде. Эстон халқын мысалға келтiруiмнiң  себебi, эстон халқы  миллионға жетпесе де, ой өрiсi миллиардқа тең бе деп ойлаймын.

Сiлтеменiң  не екенiне тоқталып кеткен жөн бе деймiн. Егер кәдiмгi өмiрiмiздi алсақ, iстi бiр- бiрiмiзге сiлтей салу, тiптi проблемадан құтылудың ең басты жолына айналып барады. Internet тi алсақ, ол сiлтемесiз жұмыс iстемеуi де мүмкiн. Мысалы, сiз Internet те мақала жазып жатырсыз, мақалаңызда сiз неше түрлi фактiлерге сүйенесiз, Internet-те осы фактiлердi сiз түсiндiрiп жатпай-ақ, тап сол сүйенген  фактiнi  сiлтеме ретiнде көрсетуiңiзге болады,  сiлтемеде сiзге тек құжаттын орналасқан жерiн көрсету қажет. Сiз сүйенген құжат сол серверде орналасуы мүмкiн не болмаса бiр қаланың серверiнде, не  Жапониядағы серверде болуы мүмкiн. Сервер дегенiмiз ол бiр желiнiң ортақ компутерi, ал Internet  жағынан қарастырсақ бұл компутер Internet те арқашанда қосылып тұруға тиiс, тек сонда ғана сiлтемелерiңiз жақсы жұмыс iстейдi. Ал менiң сiлтеуiм, осымен мақаламды тоқтатайын, келесi номерлерде бұл проблеманы жалғастырамын, сiздердi көтерiлiп отырған мәселенi талқылауға шақырамын.

12.02.03 ж. Әскери Академияның, жаңа технологияларды зерттеу бөлiмiнғылым қызметкерi.

Аймаганов Жанат Насырұлы

Leave a Reply

Your email address will not be published.