Қадірлі депутат мырзалар!

Қадірлі депутат мырзалар!

Мен бұл хатты премьер-министр блогына 08.02.2009ж кешкі 10-30 орнатып едім.
Бірақ келесі күні тексерсем бұл хат блогынан алынып тастаған, сонда системный администратор ойына келгенді жасайма, не болмаса оған біреу нұсқау беріп тұрама.
Хатта көтерген сұрақтарыма алдын ала назар аударатына Сіздерге алғысымды айтам.

ҚР премьер министр Кәрім Мәсімов мырзаға.
Қадірлі Кәрім мырза!

Бұл хатты интернеттегі блогыңызға жіберіп отырған себебім, кәдімгі азаматтық борышымды орындағаным деп білемін. Сіз премьер министрсіз, сондықтан сізге мемлекеттік тілдің мән-жайы жақсы белгілі. Менің біліуімше, бүгінгі күні мемлекет тарабынан тілге қатысты жасалып жатқан істер мардымсыз және ертең бұл шығыннан басқа ешқандай нәтиже бермейді, бұған мен кепілдік бере аламын. Осы туралы мен сонау ҚР бірінші хатшысы болған А. Колбин мырзадан бастап, мемлекеттік шенеуліктерге ескертіп келемін және қандай іс-шараларды жүзеге асыру қажеттілігіне дейін жазып келемін. Өкінішке орай, женіл-желпі жауаптардан басқа еш нәтиже жоқ.
Сіз сенесіз бе, сенбейсіз бе? Министр Құл-Мұхамед мырза айтқан еді, 2009 жылы цифрлық теледидарға көшу жөнінде, бұл істі осыдан 12 жыл бұрын бір тиын шығынсыз орындауға болар еді. Егер менің ұсыныстарыма назар аударсаңыз әлі де кеш емес екенін көресіз. Цифрлық теледидарға көшу туралы ойымды « Хабар » теледидар каналы арқылы дәлелдеп бергім келді, бірақ продюссер Бекбаев Ербол Маулетханұлы бас тартты. Бұл іс 10.07.2008 күні болды. Шындығына келсек, бүгін бізге цифрлық әуе теледидары қажет емес. Оған берілген қаражатты қазақ тілді контент мәселесіне жұмсағанымыз жөн.
Жалпы тіл заңын іске асыру туралы ұсыныстарым www.abcnet.kzwww.astana.tv негізгі беттін сілтемелерінде көрсетілген. Сонымен қатар , maqalalar сілтемесіндегі « Цифровая утопия или ит үреді, ал караван жүре береді » деген мақаламмен танысуыңызды өтінемін.

Қазақ тілін дамытуға байланысты үкіметтің көзқарасы осы деңгейде қала берсе , екі жылдан кейін мемлекеттік тілдің беделі тым төмендеп кетуі мүмкін. Рұқсат болса, мен сіздерге мынадай сұрақ қойғым келеді: егер мен айтқандай, екі жылдан соң қазақ тілінің жағдайы бүгінгі күннен де төмендеп кетсе, сіздер үкімет ретінде өздеріңізге қандай шаралар қолданасыздар, өздеріңізге қандай жауапкершілік аласыздар? Бұл іс тікелей президентімізге байланысты, бәріне президент жауап беруге тиіс, яғни президентіміздің беделін үкімет ретінде қалай қорғайсыздар

Құрметпен сізге Ғарыш байланыс орталығының инженері
Жанат Аймағанов
07.02.2009 ж.
Бурабай кенті, Садовая көшесі 32 тел 831630/71350
сот. 87004647383
e-mail: aymaganov@hotmail.com
www.abcnet.kz www.astana.tv

Qosymsha fayldar

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *