Экспресс мақала

Орталық Азияда саяси және экономикалық интеграцияның өрбу процессі қарқынды жүріп, саяси блоктар мен экономикалық және кеден одақтары құрылып жатыр. Қазақстандық бизнестің көптеген бағыты көршілес мемлекеттермен тікелей байланыста болып келеді. Араларымызда қарым-қатынас делдалы болып келетін ол – тіл, яғни орыс тілі. Біріншіден, орыс тілі – мемлекеттік ресми тіл. Көптеген салаларды байлаған орыс тілі біздің қыр соңымыздан қалмай: жұмыста, оқу орындарында, үйде (яғни, телеканалдарды көрген кезде), кітаптарда(әдеби емес, мысалға техникалық тақырыптарға), ақпараттық құралдарда және т.б. көптеген жерде қолданыста болып, дамып жатыр. Айналып келгенде, осыдан кейін, қазақтардың теріс түсіну психологиясы: «қазақ тілі өзі бізге керек пе?»-деген ұйғарымға келе жатыр. Барлығымызға да мәлім, мемлекетіміздің көзбояушылық қазақ тілінде іс-қағаздарын жүргізу, оны арнайы программалар (мемлекеттік дамыту программалары немесе арнайы программалық продукттар) арқылы жүзеге асыру, дамыту әрекеттері жүріп жатқандығы. Сол – ең өкініштісі. Үкімет, парламенттің өзі қазақ тілінде енді отырыстар өткізіп жатыр. Бірақта бұның барлығы, шындығына келгенде, орыс тілінде дайындалып, артынан өтірік қазақшаға қиындықпен аударылып жатқанын да ескерейік. Мысалы, заңжобаларға, қаулыларға өзгерістер пен толықтыруларды енгізуді әдетте орыс тілінде жасалып, содан кейін қазақ тіліне аударылады. Мынау біздің ана тілді осылайша дамытуымыз ба? «Должно быть равноправное гарантированное получение образования на двух языках и его использование в различных научных направлениях» – деп те соғып жатады. Біз не туралы айтып жатырық? Қазақстанда, негізі, ғылыми диссертацияны ана тілде қорғаған азаматтар бар ма өзі. Айтыңдаршы?
Сондықтан да, қиналайық, осы сұрақтардан қашайық, бірақ-та уақыт өтер, айналып келгенде біз осы мәселені қайта көтеруге мәжбүр боламыз.
P.S. Қазір мына статьяны ноутбукте теріп жазамын дегенше, шашым ағарды…:-)

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *