WINDOWS-95 -Терезе қай тұста? Еуропағама не Ресейгеме?
Тәуелсiздiкке 6 жыл болса, ал Колбин мырзаны_ қазақ тiлiн барлығымыз мең-
геремiз деген сөзiне не заман? Аңқау халыққа арамза молла деген дей.
Бәрiмiз болды, жеттiк, қазақ тiлiн ендi қолға аламыз дегенде тағыда тақырға
отырдық. Оның себебi неде екен? Ең алдымен қазақ тiлiн дамыту жолдарын ой-
ламадық.
Егер бiз жаңа технология құрылыста, өндiрiсте керек десек, тап сондай тех-
нология тiлгеде қажет. Қарусыз тiл еш·ашанда мемлекеттiк тiл бола алмайды.
Тап осы атпен мен осыдан үш жыл бұрын Халық Кеңесi газетiне мақала жазып
едiм, өкiнiшке орай сол мақалам шықпай хабарсыз кеттi.
1989 жылдан бастап тиiстi үкiмет мекемелерiнiң құлағына маза бермей жатсамда,
нақты қорытынды шығарар олар жоқ.
Әрине тәуелсiз мемлекет болу оңай емес, әсiресе бiздiң Қазақстанда.
Ендi ғана түсiнiп жатырмыз – байлық дегенiмен бiлiмде.
Бiр түрлi-түстi телевизорды не болмаса бiр компутердi сатып алу үшін неше қой,
жылқы керек. Осындай қымбат заттар,не теледидар не компутер қазақша сөйлеуге мәз
емес. Байқасаңыздар жарнама теледидардан тек орысша берiледi. Ал жұмысқа ша-
қыратын жарнамаларды тыңдасақ, тек компутермен жұмыс iстей бiлетiн мамандар
қажет болып жатады.
1990 жылы шiлде айында Литваның Министiрлер Кабинетiнде болғанымда “Сiздер Литов тiлiн компутерлендiрiп жатырсыздар ма?” деген сұрағыма «Ну а как-же! деп шықты». Сонда олар тәуелсiздiктi алар алмастан, тiлдерiн дамыту үшiн компутермен
бастаған.
Сол жылдары Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң министрiмен Ғалым Әбiлсеитов мырзамен, Президент аппаратындағы Ғылым және жаңа технологиялар бөлiмiнiң меңгерушiсi Аманқұлов Серiкбай мырзамен кездестiм. Ол кiсiлер менің көтерілген мәселелерге терең назар аудара қоймады. Бiрақ Аманқұловтың қарамағында iстейтiн Рахматулин мырзамен өткен кездесуiмiз нәтижелi болғандай едi. Ол кiсi компутер маманы болғандықан проблеманы тез түсiнiп, менiмен ұзақ әнгiмелестi.
Мен ол кiсiнiң басқа ұлт өкiлi бола тұра, әрi қазақша сөйлеу бiлмегенiне қара-
мастан, Қазақстанда қазақ тiлiнiң аз уақыт iшiнде дамуы үшiн компутердiң
қаншалықты мәнi зор екенiн түсiнгенiне, менiң көтерiп жүрген мәселемдi қол-
дағанына ризашылық бiлдiрдiм.
Өкiнiштi ақ, бүгiн осы министiрлiктi басқаратын Школьник мырза екi бiлегiн
түрiп, мектептердегi компутерлiк компаниясына кiрiсiп кеттi. Кiрiскенiң
түсiнуге болады, себебi казiргi мектептердегi орнатылып жатқан компутерлер
осыдан екi-үш жыл бұрын банкiлерде орнатылған компутерлерден күштiлеу деп
айтуға болады. Шетелде техника тез тозадыб, тез өзгередi.
Ал осы компутерлерге 9 баспасына (клавиатурасына) 9 қазақ әрiптерiн қосқанына мәз болып тағыда алданып қалмасақ жарар едi.
Жуырда Караван газетiнiң жазуы бойынша 25 ақпан айындағы “Егемен Қазақстан”
газетiнде бiздiң елбасшы ҚазМУ студенттерiнiң алдында 2000 жылы бiз латын әлiбiне көшемiз деп айтты. Сол себептен өз атымнан ескертетiнiм, Қазақ мектептерiндегi орнатылған компутерлерiн қазақ тiлiнде сөйлеткiңiз келсе, латын әрiптерiмен қолданған жөн, өйткенi бүкiл компутерлiк аспап құралдары латын әрiптерiне негiзделген.
Ал үкiмет осыған тиiстi назар аударса, компутерлiк техниканы тезiрек қазақ
тiлiне бағыттандыру жөн. Себебi ертең Қазақ мектебiн бiтiрген жастарға
ауртпалыын түсуретiнi сөзсiз. Бүкiл қазақ жастарына полисияда, кеденде
жұмыс орын жетпейдi, және онда да компутерлер орнатылып жатыр.
Егер бiз компутерлiк техникаға уақытша қазақ әрiптерiне сай латын әрiптерiнiң стандартын қабылдасақ онда WINDОWS-95 Еуропағада Ресейгеде бетiн бұрмай
қазақ тiлiнде сөйлеп кетушi едi. Сонда қазақ тiлiндегі жарнамаларда, газеттерде
әдемi қалпына басылып , бiр-бiрiмiзге қазақша сөйле, баланды қазақ мектебiне
бер деп үгiт-насихаттанда құтылғанымыз жөн.
Бұл істер басқа тiлдерге жол бермеу үшiн емес, өзiмiздiң тiлге жол жасап алуы.
Қазiргi технологияларға шекара деген бөгет емес. Қазiр мiне қалаларды былай
қоя тұра, қазақтың бетпақ даласында бiр спутник антеннасын орнатып Ресейдiң
5 теледидар бағдарламасын көруге болады ( ТНТ, ТВ-3, НТВ, ДТВ, РТР).
Ал осындай мүмкiншiлiк өзiмiздiң теледидарда жоқ.
Ең беделi жоғары “Хабар” бағдарламамыз 1997 желтоқсан
айында цифрлық технологияға көшiп кеттi. Ал оны спутник арқылы қабылдайтын
цифрлық тюнерлер (приемник) әлi өте қымбат. Және өкiнiшке орай жалпы стан-
дарттан басын бұрып кәдiнгi цифрлық тюнермен (приемник) бiз Хабар бағдарла-
масын қабылдауынанда айрылдық.
Сонда қарасаңыз қайыршыға жел қарсы деген дей, қазақ тiлiне жаңа технология-
ларда қоса бәрi қарсы боп шықты.
Келешекте компутер теледидар бәрi бiрi бiрiмен қосылып кетедi, және осындай
“Мульти-медиа” операсiялық жүйесi бүгiнгі күні бар.
Ал Ана тiлi газетiн оқығанда “Ортақ тiл жасау ма, әлде ортақ тiл табысу ма”
деп әлi де көштің артында жүрмiз.
Қарап тұрсақ жаңа технологиялар бір бірімен тiл табысып жатса, бiз әлi қазақ тiлiнің
дамыту жолдарын әлi таппадық. Құрметтi жазушы Бельгер мырзаның 18 қараша айы 1997ж. Казправда газетiнде “Как обучать государственному языку” мақаласын оқысақ
бiз тым теориямен шұғылданып кеткен сияқтымыз. Құдайға шүкiр қазiргi кәрi- қарта
адамдарымыз барында, сонын арасында Бельгер мырзаның да қатарласып
жүргенiнде, жалтақтамай қазақ тiлiн iске асыратын проектермен шұғылдануымыз қажет.
Егер бiз қазақ тiлiн тек үйрену үшiн қажеттенсек, онда оны бiр жолата ұмытқанымыз жөн.
Статистика бойынша ағылшын тiлiне жыл сайын 69 мың жаңа сөз қосылады, және осы
сөздер қазақ тiлiне орысшыланып келедi, ал осы сөздердi жедел сапалы түрде қазақшыландыру
үшiн компутер қажет екенiн ұмытпайық.
Windоws дегенiмiз ағылшыннан, терезелер деп аударылады, казiргi кезде компутерлерге
ең көп тарап кеткен операсiялық жүйе.
Осы терезелерден қарасақ компутердiң iшiнде қазақша сөз таппаймыз.
Қазақ айтады “Алдынғы арба қалай жүрсе, соңғы арбада солай жүредi”.
Сол арбаны бұрудың уақыты келген шығар!
“Бурабай” геофизикалық обсерваториясының инженерi
Аймағанов Жанат Насыр-ұлы. 16.04.98ж.
Щучинск ·аласы Бурабай поселкасы Садовая көшесi N32 ң.тел. 31630/71350
Сау сәлеметсiзбе Қалижан мырза.
Осы мақаланы жазып отырған себебiм $22млн. бiздiн үкiмет компутерлiк
техникаға жұмсағаны, тағыда қазақ тiлiне жүк болды, тiптi түбiмен құрт-
паса. Себебi бiлiм министрлiгiнде қазақ тiлiне арналған арнайы бағдарлама
жоқ, сонымен осы компутерлер тағыда орысша сөйлейдi. Оңын арты неге
келiп соқтыратыны бәрiне мәлiм.
Мақалада мен талай фактiлердi жазған жоқпын, кейiн редакцияға
анадан мынадан телефондарына маза бермес үшiн.
Мысалы:
1990ж. шiлде айында Кекiлбаев мырза маған айытқан сөзi “Айналайын маған
компутердiн керегi не? Бiз 2-3 жылда секретарлық баспа машинкамен тiл за-
ңын iске асырамыз.”
Сол сия·ты вице-премьер Мырзатай Жолдасбеков 6 рет кесдесуден бас
тартты, оған Қырымбет Кошербаев өзi куә.
Керек десенiз Егемен Қазақстан редаксiясы 1990-1991ж. менiң екi
мақаламды баспады “Роль компьютерной техники в делопроизводстве на госу-дарственном языке”,
“Не имея компьютерной политики не может быть и государственной политики”.
Уалихан-аға осының бәрiн түсiнiп, мақаламды газет бетiне тезiрек бассаныз.
Сiзге сенiм артушы Жанат. 16.04.98ж.
Уәке! 17сәур айынан тосып жүрген мақаламнан кейiн уақытта Windоws-98
Операсiялық жүеде шықты. Уақыт-ағын. Егер өзiнiз осы мақалаға қосатын
ойыныз болса қосыныз, мен тек ризашылығымды бiлдiремiн.
05.11.98ж.
Қадiрлi Майра (Абдрахманова)! Кеше Хабар жаналықтарында қазақ тiлiн компутерлендiру
жөнiнде фрагмент болды. Осындай техникалық қателiктер ертен саяси қа-
лiктерге соғады. Менiң ойымша қазақ тiлiн қалай құрту жөнiнде бiреу
сценарий жазған сияқты. Сол себептен сiзге осы факстi жiберiп отырмын.
Бүгiн тағыда Уәкенмен сөйлестiм, осы мақаламды әлi талқылап жатыр.
То что было показано в программе “Жетi күн” на счет цифровой передачи
Хабар, то такая участь постигла и КТК,НТК, только «Казахстан 1» пока
транслируется дополнительно в аналоговом режиме, но по моему его никто
не смотрит. Об этой ошибке я предупреждал вашу администрацию год назад.
Құрметпен Жанат 02.12.98ж.