Талқылау

Qadirli dostar, zamandastar. Osy a'lippe taqyryby oyyngha aynalyp barady. Sizder qalay oylaysyzdar? ... Kóbirek kóruJasyru

Facebook-te kóru

"Заманауи әліпби" деп атаған стандартты латын қаріптерінен жасаған жобам А.Байтұрсынұлының төте жазудағы жазу үлгісіне ұқсастығын байқағаннан кейін, бұны жетілдіріп, жақынырақ таныстыруды жөн көріп отырмын.

А.Байтұрсынұлы «Төл дыбыстарды берген жағдайда дәйекшені пайдаланған жөн» дегенде жіңішке дауысты [ә], [ө], [ү], [і] дыбыстарын ғана меңзеген болатын. Яғни жуан дауысты а, о, ұ, ы дыбыстарының жіңішке сыңарларынының таңбаларына ғана қолданды. Мысалы [а], [о], [ұ], [ы] дыбыстарын ا, و, ﯗ, ى таңбаларымен берсе, осы дыбыстардың жіңішке сыңарлары ә, ө, ү, і дыбыстарының таңбаларын жуан сыңарларының таңбалары алдынан дәйекше белгісін қою арқылы ءا, ءو, ءﯗ, ءى деп берді (Мысалы, ар – ار, әр – ءار; ор – ور, өр - ءور; ұр - ﯗر, үр - ءﯗر; ыс – ىس, іс - ءىس). Осы төрт әріптен басқа әріпке қолданылған жоқ. А.Байтұрсынұлының көрегендігі сол, бұл әріптер бір сөзде бірнеше рет кездессе әр әріптің алдынан жеке-жеке қоймай дәйекше белгісін сол сөздің алдынан бір-ақ рет қойды. (Мысалы, өшірді - ءﯗشىردى). Сонымен қатар құрамында үнемі жіңішке айтылатын [к], [г], [е] дыбыстары бар сөздердегі [ә], [ө], [ү], [і] дыбыстарының таңбасына дәйекше белгісі қойылмады (Мысалы, өңшең - وﯕﺸﻪڭ, тіршілік - تىرشىلىك).

Естеріңізге сала кетейін, төте жазу оңнан солға қарай жазылғандықтан дәйекше сөздердің оң жағына қойылып тұр, ал Латын қарпінде сол жағында болады.

Жіңішкелік белгінің рөлін буын басындағы К/Г әріптері немесе алғашқы буындағы Е әріпі де атқара алады. Бұл кездерде арнайы жіңішкелік белгі қою талап етілмейді, мысалы: kuwalik (күуәлік), kun (күн), kir (кір), gul (гүл), meniki (менікі), seri (сері), jetistik (жетістік).

Бірақ жуан және жіңішке сөздерден тұратын қосарланған сөздер бар (әсіресе атауларда). Ақсәуле, Жантөре, Әлімжан, Өкібай сияқты қосарланған сөздер жоғарыда айтылған ережелерді бұзып тұр, сондықтан бұл сөздерді қажетінше дәйекше немесе сызықша арқылы бөлуге болады: Aq‘saule, Jan‘tore, ‘Alim-jan, ‘Oki-bay, Kokce-taw. Ал Айгүл - Aygul, Айгөлек - Aygolek, Әлқожа - ‘Alqoja, Әлқыйса - ‘Alqiysa деп бөлмей жазуға да болады, себебі К,Г және Қ,Ғ өз қызметтерін жақсы атқарып тұр.

Сондай-ақ Ң дыбысын н+г деп ng, Х дыбысын - к+ғ деп kh ретінде жазуға болады. Ал халық-қалық, хан-қан тсс төл сөздеріміз Қ арқылы жазылуға тиіс. Сондай-ақ Хх таңбасын термин сөздер мен атауларда КС, ҚС әріптері қатар кездесетін жағдайларда пайдалануға болады: taxiy (тақсый), Maxim (Мақсым), Max (Мақс)

Ana ‘tiling – aring bul,
Uyating bop tur bette.
‘Ozge ‘tilding ‘barin ‘bil,
‘Oz ‘tilingdi qurmette.

‘Til degen – jariq juldiz aspandahi,
Armanning qiyal jetpes baspaldahi.
Qadirin ‘tilding sura milqaulardan,
Kolinen ucpay qalhan qasqaldahi.

Uc baqitim

Eng 'birinci baqitim - qalqim meniŋ,
Sohan berem oyimniŋ altin kenin.
Ol bar bolsa, men barmin, qor bolmaymin,
Qimbatiraq altinnan narqim mening.

Al ekinci baqitım - 'tilim mening,
Tas 'jurekti 'tilimmen 'tilimdedim,
Key-keyde 'duniyeden 'tungilsem de,
Qasiyetti 'tilimnen 'tungilmedim.

Baqitim bar 'ucinci - Otan degen,
Quday degen kim dese, "Otan" der em.
Oti 'songen jalhanda jan barsing ba?
Oylanbay-aq kel dahi ot al menen.

'Tutin 'tutet, 'os, 'orbi, kogere ber,
Nemereler kobeysin, 'cobereler.
Jadingda usta, jaqsiliq kutpegeysing!
Ot emes, oq surasang menen eger!

Meni munday baqittı jaratar ma,
'Uc kun nurin 'togedi aspanimnan
Atiraw, Altay, Arqa, Alatawha!!!

M.Maqatay
... Kóbirek kóruJasyru

Facebook-te kóru

ABCnet updated their profile picture. ... Kóbirek kóruJasyru

Facebook-te kóru

ABCnet updated their profile picture. ... Kóbirek kóruJasyru

Facebook-te kóru